Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

27-ші мамыр күні Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Шара барысында Шымкент қалалық соты мен Алматы облыстық сотындағы екі бос судья лауазымдарына конкурс қорытындыланды. Екі бос лауазымға барлығы 39 талапкер құжат тапсырған. Аталған соттарға ұсынылған екі үміткер сот төрелігін атқарып жүрген тәжірибелі судьялар.

Сонымен қатар аудандық және оған теңестірілген соттардағы 39 бос лауазымға іріктеу аяқталды (36 бос лауазымға үміткерлер іріктелді, 3 бос орынға жарияланған конкурс лайықты үміткерлер табылмаған соң нәтижесіз деп танылды). Бұл конкурсқа барлығы 234 үміткер қатысты.

Іріктелген 36 талапкердің ішінде:

  • 9 судья қызметін атқарып жүргендер;
  • 14 сот жүйесінің қызметкерлері;
  • 7 жеке меншіктегі ұйымдардың заңгерлері;
  • 4 прокуратура және басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
  • 1 адвокат;
  • 1 жергілікті атқарушы органның қызметкері.

Судья лауазымына үмкіткерлер бірнеше кезеңнен тұратын, көпсатылы бағалау жүйесі бойынша қатаң іріктеуден өтті. Конкурс кезеңдері келесідей:

  • Кеңестің тұрақты мүшелері жүргізетін әртараптағы сынақ критерийлері бойынша кешенді бағалау (соның ішінде сот төрелігіннің сапасы, тәртіптік жауапкершілікке тартылу-тартылмауы, судья этикасын ұстану);
  • талапкерлер цифрлық критерийлер жүйесі бойынша арнайы компьютерлік бағдарлама негізінде бағаланды;
  • бағалаудың қосымша тетіктері (эссе, кейстік тапсырмаларды орындау, біліктілігін бағалау және басқа да құралдар);
  • сот жүйесі үшін арнайы әзірленген судьялардың Бірыңғай біліктілік шеңбері негізінде үміткерлермен сұхбаттасу;
  • талапкерлерді Кеңес жанындағы Конкурстық комиссия деңгейінде қарап, кейін Жоғары Сот Кеңесінің қарауына ұсыну. Аталған комиссия құрамына судьялар, адвокат, құқық профессоры, заңгерлер қоғамдастығының, прокуратураның өкілдері және HR-менеджмент саласының сарапшылары кіреді;
  • үміткерлерді Кеңес отырысында қарап, дауыс беру арқылы судья лауазымына тағайындауға нақты үміткерді анықтау.

Судья лауазымына үміткерлерге келесідей қосымша бағалау әдістері қолданылды:

- эссе жазу және кейстік тапсырмаларды орындау. Бұл тапсырманы орындау кезінде әрбір үміткердің жұмысына аты-жөні көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірі беріледі. Яғни, комиссия мүшелері нақты кімнің жұмысын бағалап жатқанын білмейді.

- БАҚ және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу арқылы үмкіткерлер туралы қоғам пікірін білу.

Қоғамдық пікірді білу үшін судьяларды іріктеу кезінде Кеңестің веб-сайтында конкурсқа қатысушылардың тізімі жарияланып, азаматтар әрбір үміткер туралы өз пікірін жолдауға мүмкіндік алды.

Бұдан бөлек, Кеңес, нақты шешім шығару кезінде конкурсқа қатысып жатқан судьялар үстінен келіп түскен азаматтардың арыз-шағымдары да қаралып, есепке алынды.

Адвокаттар қоғамдастығының пікірін білу үшін конкурсқа қатысушылардың тізімдері адвокаттар ақласына жіберілді.

Заң бойынша, судья лауазымына жарияланған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер судьялар қоғамдастығының органдарының да (облыстық соттардың пленарлық отырыстары мен соттармен қарым-қатынас орнату кеңестері) келісімін алады.

Жалпы Кеңеске үміткерлерді сипаттайтын 500-ден астам хат пен хабарлама келіп түсті.

Судья лауазымдарына ұсынылған тұлғалардың нақты тізімімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері Республика соттарының бірқатар төрағалары мен судьяларын түрлі себептермен лауазымынан босату  мәселесін қарады. Бұдан бөлек, Ақмола облысындағы аудандық сот судьясының Сот жюримен тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешіміне түсірілген шағымы қаралды.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары СотКеңесінің Аппараты