Үстіміздегі жылдың 29-шы сәуірінде Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Басқосуда Кеңес бірқатар судья лауазымдарына жүргізілген конкурсты қорытындылады. Осылайша, келесідей лауазымдарға конкурс аяқталды:
10 - облыстық соттарды алқа төрағасы;
98 – аудандық соттардың төрағалары;
11 – облыстық соттың судьясы лауазымдары.
Жалпы бұл конкурсқа барлығы 430 адам қатысты, олардың кейбіреулері бірден бірнеше санат бойынша құжат тапсырған. Атап айтсақ, облыстық соттың алқа төрағасының бос лауазымдарына 66 үміткер, аудандық сот төрағасы лауазымына 208 талапкер, облыстық соттың судьясы лауазымына 247 адам құжат тапсырған.
Бос судья лауазымдарына бәсекелестіктің ең жоғары деңгейі Алматы қаласында тіркелді. Мәселен, Наурызбай аудандық сотының төрағасы лауазымына - 34 үміткер құжат тапсырды, Алатау аудандық сотының төрағасы лауазымына - 30 адам сынға түсті.
Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы 19 аудандық соттардың тжәне Республиканың әскери соты төрағасы лауазымына бір үміткерден ғана келді.
Аз құрамдағы және шалғай аудандарда орналасқан соттардық төрағасы 9 бос лауазымдарына бірде-бір талапкер ниет білдірген жоқ.
19 басшылық судья лауазымдарына (оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы, облыс орталықтарындағы соттардың төрағасы лауазымдарына) бірсыпыра үміткер қатысқанымен, лайықты талапкер болмағандықтан конкурс жүзеге аспады деп танылды. Яғни, ізденушілер бұл бос лауазымдарға Жоғары Сот Кеңесінің қатаң іріктеуінен өте алмады.
Үміткерлерді бағалау барысында Кеңес азаматтардың конкурсқа қатысып жатқан судьялардың атына келіп түскен пікірлерін да зерттеді және ескерді. Әлеуметтік желі мен БАҚ-қа мониторинг жасалылды. Кеңеске үміткерлерді сипаттайтын барлығы 500-ден астам хабарламалар мен хаттар келіп түсті.
Конкурс қорытындылары бойынша, Кеңес келесі лауазымдарға талапкерлерді ұсынды:
9 облыстық соттардың алқа төрағасы лауазымына;
11 үміткер облыстық сот судьясы лауазымына;
70 талапкер аудандық сот төрағасы лауазымына.
Облыстық сот алқасының төрағасы лауазымына ұсынылған үміткерлердің орташа жасы - 52 жыл, заңгерлі еңбек өтілі - 27 жыл, сот жүйесіндегі еңбек өтілі - 21 жыл.
Облыстық соттың судьясы лауазымына ұсынылғандардың заңгерлік еңбек өтілі 24 жыл, орташа жасы – 49 жыл, сот жүйесіндегі еңбек өтілі 16 жыл.
Аудандық сот төрағасы лауазымына іріктелгендердің орташа жасы - 43 жыл, заңгерлік еңбек өтілі - 18 жыл, сот жүйесіндегі еңбек өтілі - 9,5 жыл.
21 үміткер (іріктелгендердің 23%) құқықтану магистры немесе заңгерлік ғылымдарды кандидаты дәрежесіне ие, соның ішінде 13 мамандандырылған магистратураны Сот төрелігі академиясында тәмәмдаған.
Ұсынылған тұлғалардың 15 тиісті судья лауазымдарына кадрлық резерв құрамында болған.
Осы конкурс аясында 68 адам сот меритократиясы қағидаттарының аясында қызметтік маңсаппен жоғарылады.
Кеңес ұсынған тұлғалардың толық тімізі Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында жарияланады.
Сонымен қатар, Кеңес жоғары және басшылық судья лауазымдарына кадрлық резервті қалыптастырудың екінші кезеңін қорытындылады.
Кеңеспен резервке енгізу үшін 59 судьядан тұратын тізім бекітілді. Кеңес жанындағы кадрлық резерв жөніндегі Комиссиямен барлығы 307 үміткердің өтініштері қаралған (оның ішінде 305 – қазіргі судьялар, 2 – бұрын судья болғандар).
Резервке іріктеу барысында үміткерлер жайлы 313 пікір келіп түсті.
Атқарылған көлемді іріктеу жұмыстарының қорытындысында тек әрбір бесінші үміткер (қаралғандардың 19%) кадрлық резевр жөніндегі Комиссияның оң бағасын алып, Кеңестің қарауына ұсынылды.
Сөйтіп, екі кезеңнің нәтижесінде кадрлық резервтің қазіргі тізімінде 124 судья бар:
Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – 1;
Облыстық соттың төрағасы лауазымына – 9;
Облыстық соттың алқа төрағасы лауазымына – 2;
Облыстық соттың сот алқасының төрағасы лауазымына – 12;
Обыстық соттың судьясы лауазымына – 71;
Аудандық сөттың төрағасы лауазымына – 36 үміткер.
Жалпы, кадрлық резервті қалыптастырудың екі кезеңі аясында оның құрамына 139 судья енгізілген (оның ішінде жоғары лауазымға ауысып кеткендер де бар), солардың ішінен Кеңестің соңғы ұсынымдарын ескере отырып, жоғары лауазымға 29 судья ауысты (21%). Яғни, резервтегі әрбір бесінші судья жаңа лауазымға тағайындалды.
Бұдан бөлек, Кеңес әртүрлі негіздермен 24 судьяны лауазымынан босату туралы ұсыныс жасады. Оның ішінде 9 судья басқа лауазымға ауысып, сот жүйесінде қалады, 15 адам сот жүйесінен мүлдем кетеді.
Отырыста сонымен қатар, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссия мен Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің шешімдеріне арызданған судьялардың шағымдары қаралды.
Кеңеспен қабылданған шешімдер ведомствоның ресми сайтында жарияланады.