2021 жылы 14 сәуірде Сот жюриінің отырысы өтті

2021 жылы 14 сәуірде Сот жюриінің отырысы өтті

2021 жылы 14 сәуірде Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті және оған теңестірілген соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды. Сот жюриі отырысының қорытындысы бойынша 2 судьяға ескерту түріндегі жаза қолданыла отырып тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны негіз болды.

Судьялардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Сот жюриі екі тәртіптік істі тоқтатты.

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты