Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Ағымдағы жылы 31 наурыз – 2 сәуір аралығында Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Комиссияның жұмысына, оның мүшелерінен басқа, Жоғарғы Соттың шақырылған судьялары, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің тұрақты мүшелері қатысты.

Кадр резерві жөніндегі комиссия жоғары тұрған және басшы судьялық лауазымдарға кадр резервін қалыптастырудың екінші кезеңі шеңберінде жалпы 307 кандидатты қарады.

Қарау қорытындылары бойынша Комиссия Жоғары Сот судьясының, облыстық сот төрағасының, сот алқасы төрағасының, судьясының және аудандық сот төрағасының лауазымдарына кадр резервіне қоюға кандидаттар пулын іріктеді.

Кадр резервіне қою үшін кандидаттары іріктеген кезде Кадр резерві жөніндегі комиссия мынадай критерийлерді басшылыққа алды:

меритократия принципінің сақталуы;

сот төрелігін жүзеге асыру сапасының жоғары болуы;

судьялық өтілі мен жұмыс тәжірибесінің көп болуы;

мінсіз беделінің болуы және оған қатысты теріс мәліметтердің болмауы;

жұртшылық пен судьялар қауымдастығының пікірі.

Кадр резерві жөніндегі комиссия іріктеген кандидаттар Жоғары Сот Кеңесінің алда өтетін отырысында қаралатын болады. Онда кадр резервін қалыптастырудың үшінші кезеңінің қорытындылары жасалатын болады.

Бұдан басқа, Комиссияның шешімімен 16 адам кадр резервінен шығарылды, оның 14-і резервте тұрған судьялық лауазымға тағайындалған, ал 2-уі – судья ебінің нормаларын бұзғаны үшін кадр резервінен шығарылды.

 

ҚазақстанРеспубликасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты