Жоғары Сот Кеңесі сот корпусына заң қоғамдастығының өкілдерін және тар шеңберде мамандандырылған кадрларды тарту жөніндегі ақпараттық жұмысты жалғастыруда

Жоғары Сот Кеңесі сот корпусына заң қоғамдастығының өкілдерін және тар шеңберде мамандандырылған кадрларды тарту жөніндегі ақпараттық жұмысты жалғастыруда

2021 жылғы 20 ақпанда Жоғары Сот Кеңесі «Судья қызметіне қалай тағайындалуға болады?» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды.

Zoom-семинарға адвокатура, нотариат, заңгерлер одағы, Ұлттық зияткерлік меншік институтының өкілдері, салық салу, жер қойнауын пайдалану саласындағы мамандар және сот жүйесінің қызметкерлері қатысты.

Онлайн-семинардың тыңдаушылары барлығы 420 адам болды.

Онлайн-семинар аясында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының төрағасы А. Бикебаев және ЖСК аппаратының бөлім меңгерушісі Е. Бердібеков біліктілік емтиханын тапсыру, тағылымдамадан өту, судьялық лауазымдарға конкурсқа қатысу тәртібін түсіндірді.

Сонымен қатар спикерлер онлайн-семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинар материалдарымен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады.