Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті

2021 жылы 18 ақпанда Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті және оған теңестірілген соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды.

Сот жюриі отырысының қорытындысы бойынша 5 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бір судья сөгіс түрінде жаза алды, үш судьяға ескерту жарияланды, аудандық соттың бір төрағасы судья лауазымында қалдырыла отырып, атқаратын лауазымынан босатуға ұсынылды.

Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны, судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны, сондай-ақ аудандық сот төрағасының лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны негіз болды.

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты