
Судьяларды іріктеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жоғары Сот Кеңесі азаматтарды 2026 жылғы 3 қыркүйектегі аудандық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына орналасуға іріктеуге қатысатын кандидаттар туралы пікірімен бөлісуге шақырады.
Пікірді Кеңестің сайтында ағымдағы жылдың 16 қазанына дейін «Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері» бөлімінде (өту) қалдыруға болады.
Іріктеу барысында жұртшылықтың пікірімен қатар кәсіби, жеке қасиеттер және үміткерлерге қатысты басқа да назар аударарлық жағдайлар зерттеледі.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты