Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Сот төрелігі академиясының магистранттарымен кездесу өткізді

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Сот төрелігі академиясының магистранттарымен кездесу өткізді

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Сот төрелігі академиясының магистранттарымен кездесу өткізді

Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың Сот төрелігі академиясының магистранттарымен кездесуі өтті. Іс-шараға сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Салтанат Жүніспекова және Сот төрелігі академиясының ректоры Қанат Мусин қатысты.

Ашық диалогтың негізгі тақырыбы судьялар корпусын қалыптастыру жүйесін жетілдірудің басым бағыттары, судья лауазымына кандидаттарға қойылатын өзекті талаптар және болашақ кадрларды даярлау тетіктері болды.

Кездесу барысында Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жоғары талаптарға тоқталды: «Бүгінде судья лауазымына кандидаттарға өте жоғары талаптар қойылады. Терең заңгерлік білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар салмақты шешімдер қабылдай білу, объективті, принципшіл және тәуелсіз болу маңызды. Бұл қасиеттер біртіндеп қалыптасады, ал Сот төрелігі академиясы – олардың іргетасы қаланатын орын».

Осыған байланысты Академияның болашақ судьяларды даярлау үшін ұсынатын мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Оқу үдерісіне отандық заң ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалымдар мен терең білімі және мол кәсіби тәжірибесі бар мамандарды біріктірген білікті профессорлық-оқытушылық құрам тартылған.

Магистранттардың кәсіби даярлығын талқылау барысында оқытудың қосымша құрамдас бөлігі ретінде Жоғары Сот Кеңесі мүшелерінің, жұмыс істеп жүрген судьялардың, адвокаттар мен жетекші ғалымдардың қонақ дәрістері циклі де атап өтілді. Бұл білім алушыларға сот төрелігі саласындағы мамандардың практикалық тәжірибесімен тікелей танысуға мүмкіндік береді.

Институционалдық реформалардың іске асырылу барысы туралы Кеңес мүшесі Салтанат Жүніспекова хабарлады. Кездесу барысында соңғы екі жылда Кеңес басшылығының бастамасымен судьяларды іріктеу жүйесін кешенді жаңғырту жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді. Ол кандидаттарды даярлау, біліктілік емтиханын өткізу, конкурстық рәсімдер және сот жүйесін кадрлық қамтамасыз ету кезеңдерін қамтиды.

Іс-шара соңында қатысушылар судьяға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде жүктелетін жоғары әлеуметтік және құқықтық жауапкершілікті, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін мүлтіксіз сақтай отырып, жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істеуге дайын болу қажеттігін талқылады.