Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттары: Сот төрелігі академиясында БҰҰ БЖКБ сарапшыларының дәрісі өтті
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азия бойынша басқармасы өкілдерінің «Адам құқықтарын халықаралық қорғау: баспана, азаматтығы жоқтық және соттардың рөлі» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Төрағасы Дмитрий Малаховтың тікелей қолдауы және басшылығымен жүзеге асырылып жатқан халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және сот жүйесі үшін кадрлар даярлау сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болды. Сарапшылар ретінде БҰҰ БЖКБ Өкілдігінің құқықтық қорғау бөлімінің басшысы Балжан Ошақбаева және құқықтық мәселелер жөніндегі бас сарапшы Мейрам Рахымбеков сөз сөйледі.
Іс-шара барысында адам құқықтарын халықаралық қорғаудың негізгі аспектілері, оның ішінде баспана беру тетіктері, азаматтығы жоқтықтың алдын алу және оны қысқарту, сондай-ақ қолданылатын халықаралық стандарттар талқыланды. Спикерлер адам құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз етуде соттардың рөліне ерекше назар аударып, тиісті санаттағы істерді қарау бойынша өзекті сот практикасы мен практикалық тәсілдерді таныстырды.
Жоғары Сот Кеңесінің жетекші халықаралық сарапшыларды Сот төрелігі академиясының оқу процесіне жүйелі түрде тартуы институционалдық диалогты кеңейтуге, судьялардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және озық халықаралық тәжірибені кадрларды даярлау жүйесіне енгізуге бағытталған.