
Жоғары Сот Кеңесі судьяларды конкурстан тыс тағайындау тәртібін түсіндірді
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты ақпараттық-түсіндіру жарияланымдары циклі аясында «Сұрақ–жауап» айдарының кезекті шығарылымын дайындады. Ол сот төрағалары мен сот алқалары төрағаларын конкурстан тыс судья лауазымына тағайындау тәртібіне арналған.
Жарияланған материалдарда заңнамада көзделген судьяларды конкурстан тыс тағайындау жағдайлары, оның ішінде сот төрағасының бес жылдық өкілеттік мерзімі аяқталған кезде, өкілеттігі өз қалауы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде тағайындау тәртібі түсіндіріледі.
Басшылық лауазымында болу мерзімі аяқталғаннан кейін судьялық өкілеттіктерді одан әрі жүзеге асыру тәртібіне ерекше назар аударылған. Бос лауазым болған кезде сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы сол сотта судья өкілеттіктерін жүзеге асыруды жалғастырады. Тиісті бос лауазым болмаған жағдайда, оның келісімімен конкурс өткізбей тең тұрған немесе төмен тұрған соттағы судьяның бос лауазымына тағайындалуы мүмкін.
Сондай-ақ шығарылымда сот төрағасының немесе сот алқасының төрағасының басқа соттағы ұсынылған судьяның бос лауазымынан бас тарту құқығы және мұндай шешімнің құқықтық салдары түсіндіріледі.
Жарияланым халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Жоғары Сот Кеңесі қызметіндегі ашықтық пен айқындық қағидаттарын көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы судьяларының тәуелсіздігіне кепілдіктерді жан-жақты түсіндіруге бағытталған.