
Диалогтан нақты іске: Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі жаңартылған құқықтық модельдің негізі ретінде
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов «Жаңа Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесі қызметінің конституциялық негіздері» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Жиынға қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен Өзбекстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының директоры Мирзатилло Тиллабаев та құттықтау сөздерін арнады. Пікірталастың модераторы Халықаралық заңгерлер қауымдастығының Бас директоры, Құрылтай депутаты Марат Башимов болды.
Өз сөзінде Кеңес Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен және қоғам тарапынан қолдау тапқан кешенді конституциялық өзгерістер мемлекетті дамытудың стратегиялық бағытын қалыптастырып, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен қадір-қасиетін институционалдық өзгерістердің іргелі негізі ретінде айқындағанын атап өтті.
Дмитрий Малахов конституциялық кепілдіктердің іс жүзінде іске асырылуы көп жағдайда судьялар корпусының кәсібилігі мен сенімділігіне байланысты екенін атап өтті. Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесі соттардың кадрлық құрамын қалыптастырудың жоғары стандарттарын белгілеуге, іріктеу процестерін цифрлық трансформациялауға ерекше назар аударады. Бұл қадам кадрлық рәсімдердің барынша ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, адами факторды барынша азайтуға және жүйеге неғұрлым білікті мамандарды тартуға бағытталған.
Дөңгелек үстел аясында депутаттар корпусының, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ заң және сарапшылық қоғамдастық өкілдері Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің жұмыс істеуінің практикалық аспектілерін талқылап, олардың құқықтық жүйені одан әрі нығайтудағы және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін дамытудағы рөлін қарастырды.