Таза елорда – ортақ үлес: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі мен оның Аппаратының ұжымы Төраға Дмитрий Малаховтың басшылығымен кезекті рет «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдады

Таза елорда – ортақ үлес: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі мен оның Аппаратының ұжымы Төраға Дмитрий Малаховтың басшылығымен кезекті рет «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдады

Таза елорда – ортақ үлес: Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі мен оның Аппаратының ұжымы Төраға Дмитрий Малаховтың басшылығымен кезекті рет «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қолдап, Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған жалпықалалық сенбілікке ауқымды түрде қатысты.

Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоршаған ортаға жүйелі түрде қамқорлық жасау және экологиялық ағарту жөніндегі бағытының практикалық жалғасы болды. Бұл тәсіл елдің конституциялық басымдықтарымен толық үндеседі: Негізгі заңда бекітілген табиғатқа ұқыпты қарау және ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттары бүгінде азаматтық жауапкершіліктің жоғары стандартын қалыптастырып, экологиялық әл-ауқатты мемлекеттің орнықты дамуының аса маңызды бағдары ретінде айқындайды. Бұл бағытты толыққанды іске асыру тек қоғам тарапынан ғана емес, мемлекеттік институттар тарапынан да дәйекті қадамдарды талап етеді.

Жоғары Сот Кеңесі мен оның Аппараты ұжымының республикалық және қалалық табиғатты қорғау іс-шараларына жүйелі түрде қатысуы игі дәстүрге және органның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігіне айналды.

Мұндай акциялар қызметкерлерді біріктіріп, еліміздің абаттандырылуына ортақ жауапкершілікті көрсетеді.

Өткізілген сенбілік барысында Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының қызметкерлері елордада бөлінген аумақтарды санитариялық тазарту, саябақ аймақтарын абаттандыру және жасыл желектер отырғызу бойынша жұмыстар кешенін атқарып, Астананы көгалдандыруға өздерінің практикалық үлесін қосты.

Мұндай жүйелі қызмет өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға тікелей ықпал етеді, сондай-ақ мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының жалпыұлттық экологиялық басымдықтарына деген өзгермес ұстанымын көрсетеді.