Жоғары Сот Кеңесі судьяның құрметті отставкасы институтына арналған ақпараттық бейнероликті таныстырды

Жоғары Сот Кеңесі судьяның құрметті отставкасы институтына арналған ақпараттық бейнероликті таныстырды

Жоғары Сот Кеңесі судьяның құрметті отставкасы институтына арналған ақпараттық бейнероликті таныстырды

Құқықтық ағартушылықты, сот жүйесіне деген сенімді нығайту және судья кәсібін насихаттау бағытындағы жүйелі жұмыс аясында Жоғары Сот Кеңесінің аппараты судьяның құрметті отставкасы институтына арналған ақпараттық бейнеролик дайындады.

Бұл құқықтық тетік судьяның кәсіби қызметін аяқтауының ерекше мәртебесі ретінде қарастырылады. Ол сот төрелігін қамтамасыз етудегі мемлекет алдындағы еңбегін мойындау және сот билігінің тәуелсіздігінің маңызды кепілі болып табылады.

Бейнероликке Астана қаласы сотының отставкадағы судьясы, заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» Құрмет белгісінің иегері Гүлжанат Рахметова сарапшы ретінде қатысты. Ол сот жүйесіне 38 жылын арнаған, оның 28 жылы сот төрелігін жүзеге асыруға арналған.

Сұхбат барысында спикер судья мамандығына келу және кәсіби қалыптасу тәжірибесімен бөлісіп, судья-тәлімгерлердің рөліне және жұмыстың негізгі қағидаттарына тоқталды. Олардың қатарында сөзсіз объективтілік, жоғары жауапкершілік, ұстамдылық және білімді үнемі жетілдіру қажеттілігі атап өтілді.

Отставкадағы судья Г. Рахметова Жоғары Сот Кеңесінің конкурстық іріктеуді жетілдіру бағытында жүргізіп жатқан жұмысына да ерекше назар аударды. Процедураларды оңтайландыру нәтижесінде кандидаттарға қойылатын барлық біліктілік талаптары толық сақтала отырып, бір конкурсты өткізу мерзімі алты айдан бір жарым айға дейін қысқартылды.

Құрметті отставкада жүрсе де, Гүлжанат Рахметова өзінің кәсіби және қоғамдық белсенділігін жалғастырып келеді: ол сот төрелігін жүзеге асыруға тартылады, елорданың жетекші жоғары оқу орындарында қонақ дәрістерін өткізеді және судьялардың жаңа буынына тәлімгерлік етеді.

Жас әріптестеріне арнаған сөзінде сарапшы мінсіз өзін-өзі тәртіпке келтіру, қызметтік борышқа адал болу және әділеттілік қағидаттарына беріктік судьяның жоғары мәртебесінің негізін құрайтынын ерекше атап өтті.

Аталған бейнероликтің шығарылуы Жоғары Сот Кеңесінің судьялық дәстүрлер сабақтастығын қамтамасыз етуге, кәсіби құндылықтарды дәріптеуге және қоғаммен ашық диалогты дамытуға бағытталған стратегиялық ұстанымын көрсетеді.