Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлеріне арналған мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы мәселелері бойынша кезекті оқыту семинары өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлеріне арналған мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы мәселелері бойынша кезекті оқыту семинары өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлеріне арналған мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы мәселелері бойынша кезекті оқыту семинары өтті.

Мұндай оқыту іс-шараларын өткізу Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың орган қызметін ауқымды жаңғыртуға және институционалдық ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталған бастамаларын іске асыру аясында жүйелі практикаға айналды.

Іс-шараға сарапшы ретінде «Qazaqstan» телеарнасының журналисті қатысып, тиімді қоғамдық коммуникацияларды қалыптастырудың практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында журналистермен жұмыс істеудің негізгі қағидаттары, мазмұнды әрі ықшам ақпараттық хабарламалар қалыптастыру тәсілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін халыққа түсінікті түрде ақпараттандыру тетіктері қаралды.

Камера алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салаларына жедел жауап беруге, сондай-ақ институционалдық қызметті ақпараттық сүйемелдеудің заманауи тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

Тұрақты оқыту бағдарламаларын енгізу Кеңестің бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Қызметкерлердің БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимылға жедел дайындығы артып, Аппараттың коммуникациялық құзыреттері нығайды. Бұл өз кезегінде қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен диалогтың ашық әрі сындарлы сипат алуына ықпал етті.