«Заң» газетінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Қазақстанның жаңа кассациялық сот моделі: Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен конституциялық миссиясы» тақырыбындағы мақаласы жарияланды

«Заң» газетінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Қазақстанның жаңа кассациялық сот моделі: Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен конституциялық миссиясы» тақырыбындағы мақаласы жарияланды
«Заң» газетінде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Қазақстанның жаңа кассациялық сот моделі: Жоғары Сот Кеңесінің рөлі мен конституциялық миссиясы» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.

Материалда Қазақстанның жаңа кассациялық моделін қалыптастыру және Жоғары Сот Кеңесінің оны кадрлық қамтамасыз етудегі рөлі қарастырылады. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер жөніндегі үш дербес кассациялық сот өз жұмысын бастады. Олардың құрылуы сот реформасының маңызды кезеңіне айналды.

Жаңа кассациялық соттардың судьялар корпусын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Кассациялық сатының ерекше рөліне байланысты кандидаттарға қойылатын талаптар, оның ішінде кәсіби тәжірибесіне, біліктілігіне, іскерлік беделіне және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптар едәуір күшейтілді. Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша Кеңес 75 кандидатты ұсынды, олардың 57-сінің судьялық өтілі 20 жылдан астам.

Мұндай тәсілдің қажеттілігі кассациялық сатының заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығына түпкілікті баға беруіне, сот қателерін түзетуіне және құқық қолдану практикасының бірізділігін қамтамасыз етуіне байланысты.

Мақалада кассациялық қайта қарау тәртібіндегі өзгерістерге де жеке тоқталған: «тұтас кассация» қағидатына көшу, кассациялық шағымдарды алдын ала іріктеуді жою және азаматтардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау мүмкіндіктерін кеңейту. Жаңа жүйеде шағымдар тікелей кассациялық соттардың қарауына беріледі және мәні бойынша қаралады.

Сот жүйесіне қойылатын жаңа талаптарға байланысты Жоғары Сот Кеңесі кадрлық тетіктерді одан әрі жетілдіру жұмысын жалғастыруда. Негізгі назар конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігіне, кандидаттарды бағалау өлшемдеріне, кадрлық шешімдерді цифрландыруға және Сот төрелігі академиясының әлеуетін нығайтуға аударылуда.

Бұл ретте реформа судьялардың жалпы штат санын ұлғайтуға әкелген жоқ және сот жүйесінің деңгейлері арасында штат бірліктерін қайта бөлу есебінен іске асырылды.

Жоғары Сот Кеңесінің конституциялық миссиясы судьяларды іріктеумен ғана шектелмейді. Ол кәсіби әрі адал судьялар корпусын қалыптастыруды, кадрлық шешімдердің әділдігін қамтамасыз етуді және сот билігінің институционалдық тұрақтылығын нығайтуды қамтиды.

Кассациялық соттардың жаңа моделі сот жүйесіндегі жүйелі өзгерістердің маңызды бөлігіне айналды, ал оны кадрлық қамтамасыз ету Жоғары Сот Кеңесінің өзінің конституциялық миссиясын іске асырудағы негізгі бағыттарының бірі болып табылады.