
Жоғары Сот Кеңесі тәртіптік іс жүргізу барысында судьялардың құқықтарын қорғау кепілдіктері туралы түсіндірмелер ұсынды
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты ақпараттық-түсіндіру жарияланымдары циклі аясында тәртіптік іс жүргізу барысында судьялардың құқықтарын қорғау кепілдіктеріне арналған «Сұрақтар – жауаптар» айдарының кезекті шығарылымын дайындады.
Бұл бастама судьялар корпусын қалыптастыру рәсімдерінің ашықтығын арттыруға және азаматтардың сот билігінің институттарына деген сенімін нығайтуға бағытталған.
Жарияланған материалдарда судьялардың тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілігінің бұлтартпастығы мен олардың құқықтарын негізсіз немесе озбырлықпен қудалаудан тиімді қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге басты назар аударылған.
Шығарылымда тәртіптік жауаптылыққа тартудың заңнамалық негіздері, судьяның процестік құқықтары, оның ішінде іс жүргізу материалдарымен толық танысу, процеске жеке өзі қатысу, сондай-ақ адвокаттар мен заң консультанттары қатарынан білікті өкілдерді тарту мүмкіндігі түсіндіріледі.
Ұсынылған түсіндірмелерде тәртіптік іс жүргізуді бастаудың заңда белгіленген шекті мерзімдерін сақтау ерекше мәнге ие. Бұл мерзімдер құқықтық айқындықты қамтамасыз етудің және судьялардың құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады. Сондай-ақ Сот жюриінің шешімдеріне Жоғары Сот Кеңесіне шағымданудың заңнамада регламенттелген тәртібі түсіндіріледі.
Жарияланым халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Жоғары Сот Кеңесі қызметінің ашықтық қағидаттарын көрсетуге және Қазақстан Республикасы судьяларының тәуелсіздігі кепілдіктерін жан-жақты жария етуге бағытталған.