Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі мемлекеттік орган тарихында алғаш рет орталық мемлекеттік органдар арасында өткен республикалық Спартакиадаға қатысты. Спорттық жарыстар 2026 жылғы 3-6 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі мемлекеттік орган тарихында алғаш рет орталық мемлекеттік органдар арасында өткен республикалық Спартакиадаға қатысты. Спорттық жарыстар 2026 жылғы 3-6 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтті

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі мемлекеттік орган тарихында алғаш рет орталық мемлекеттік органдар арасында өткен республикалық Спартакиадаға қатысты. Спорттық жарыстар 2026 жылғы 3-6 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтті.

27 мемлекеттік органның командалары қатысқан спорттық сайыстарда Кеңес құрамасы 10 спорт түрінің 8-і бойынша өнер көрсетті.

Республикалық деңгейдегі Спартакиадаға алғаш рет қатысқан Кеңес командасы барлық негізгі спорт түрлері бойынша Аппараттың абыройын лайықты қорғап, жоғары дайындық деңгейі мен командалық ауызбіршілікті көрсетті.

Сонымен қатар, армрестлинг бойынша жеке есепте Кеңес Аппаратының сектор меңгерушісі Серік Сапаров 1-орын иеленіп, аталған спорт түрінен командалық есепте 3-орынға қол жеткізді.

Бұл нәтиже Кеңес Аппараты ұжымының салыстырмалы түрде шағын құрамын ескерсек, айрықша маңызға ие. Құрама мүшелері бірден бірнеше спорттық дисциплина бойынша өнер көрсетіп, жоғары жан-жақтылықты, төзімділікті және ортақ нәтижеге деген жауапкершілікті танытты.

Осындай жоғары деңгейдегі жарысқа қатысу Кеңестің қоғамдық өміріндегі маңызды кезеңдердің біріне айналып, командалық өзара іс-қимылды нығайтуға және заманауи корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етті.

Жарыстың барлық күндері бойы қызметкерлер жоғары деңгейдегі ауызбіршілік, өзара қолдау және ортақ нәтижеге бағытталған табандылық танытты.

Мемлекеттік қызметшілер арасында дене белсенділігін жүйелі түрде қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамытуға және салауатты ұлт қалыптастыруға бағытталған стратегиялық басымдықтарына толық сәйкес келеді.

Жоғары Сот Кеңесі үшін Спартакиадаға қатысу корпоративтік қызметтің жаңа бағытын қалыптастырып, қызметкерлердің жоғары еңбекке қабілеттілігін қолдауға, командалық байланыстарды нығайтуға және ұжымның одан әрі топтасуына қосымша мүмкіндіктер ашты.