Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Мемлекет басшысының конституциялық өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде кәсіби әрі тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысын жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Мемлекет басшысының конституциялық өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде кәсіби әрі тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысын жалғастыруда

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Мемлекет басшысының конституциялық өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде кәсіби әрі тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады, бұл барлық рәсімдердің объективтілігін, ашықтығын және жүйелілігін қамтамасыз етеді.

Іріктеудің көпсатылы процесі кандидаттардың кәсіби даярлық деңгейін, практикалық тәжірибесін, жеке және талдамалық қасиеттерін, мінсіз беделін, сондай-ақ сот төрелігін бейтарап жүзеге асыруға дайындығын кешенді бағалауды қамтиды.

Институционалдық үдерістердің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында конкурстан сәтті өткен қазіргі судьялар кәсіби қалыптасу тәжірибесімен бөлісіп, іріктеу рәсімінен өту тәртібін түсіндіреді.

Бағалаудың заманауи стандарттарын енгізу және конкурстық тетіктерді тұрақты түрде жетілдіру Жоғары Сот Кеңесіне Қазақстанның сот жүйесін жоғары білікті кадрлармен толықтыру жөніндегі міндетті тиімді шешуге мүмкіндік береді.