
Судья лауазымына арналған біліктілік емтиханы шеңберінде кезекті компьютерлік тестілеу өткізілді.
Тестілеуге 65 кандидат қатысып, оның 8-і іріктеуден сәтті өтті. Мұндай нәтиже үміткерлердің кәсіби даярлық деңгейіне қойылатын жоғары талаптарға, сондай-ақ бағалау материалдарының сапалы жаңартылуына байланысты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тест сұрақтарының базасы толық өзектендіріліп, 300-ден 1000 сұраққа дейін ұлғайтылды.
Алғашқы кезеңнен сәтті өткен кандидаттар эссе жазу, практикалық кейстік тапсырмаларды шешу және психологиялық тестілеуден өтуді қамтитын емтиханның келесі кезеңдеріне жіберілді.
Жалпы, 2026 жылдың басынан бері компьютерлік тестілеуге 500-ге жуық кандидат қатысып, олардың 20%-ы өту шегінен асты. Бұл көрсеткіштер судья лауазымына үміткерлердің білімін бағалау критерийлеріне қойылатын талаптардың қатаңдығы тұрақты түрде артқанын көрсетеді.
Қолданылып отырған тәсіл судьялар корпусын қалыптастырудың жоғары стандарттарын сақтай отырып, іріктеу рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған. Емтиханның келесі кезеңдеріне жоғары деңгейдегі құзыреттерін және судьялық қызметті жүзеге асыруға дайындығын көрсеткен үміткерлер жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты біліктілік емтиханына қатысу үшін құжаттарды қабылдау тұрақты негізде жүзеге асырылатынын еске салады.