
Жоғары Сот Кеңесінің 2026 жылғы 28 тамыздағы шешімімен судьялық лауазымдарына кадр резервіне қабылданған адамдардың кезекті тізімі бекітілді. Барлығы 38 үміткер резервке қабылданды.
Резервке үміткерлерді іріктеуді Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия жүргізді.
Кадр резервін қалыптастыру кезінде судьяларды конкурстық іріктеу жүйесінің элементтері пайдаланылды, оның ішінде HR-технологиялар, судьялар қауымдастығы мен азаматтық қоғамның пікірін зерделеу.
Кадр резервіне қабылданған судьялардың тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады. Сілтеме 1.
Резервке қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу кезінде Кадр резерві жөніндегі комиссия келесі критерийлерді басшылыққа алды:
меритократия принципінің сақталуы;
сот төрелігін іске асырудың жоғары сапасы;
судьялық жұмыс өтілі мен тәжірибесі;
кандидаттың мінсіз беделі және оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтердің болмауы.
Сондай-ақ, жоғары немесе басшы судья лауазымдарына конкурстық іріктеу жүргізу кезінде кадрлық резервте тұрған судьяларға басымдық берілетінін атап өткен жөн.
Резервте тұру мерзімі жоғары тұрған судьялық лауазымдарға – үш жыл, басшы судьялық лауазымдарға – бес жыл.
Осы сілтеме бойынша қолданыстағы кадр резервінің толық тізімімен танысуға болады, онда 142 судья бар. Сілтеме 2.
Сонымен, қолданыстағы кадр резервінде:
Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына – 1;
Жоғарғы Сот судьясының лауазымына – 1;
облыстық сот төрағасының лауазымына – 4;
облыстық соттың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына – 21;
әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың судьясының лауазымына – 4;
азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясының лауазымына – 6;
қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясының лауазымына – 4;
облыстық сот судьясының лауазымына – 55;
аудандық сот төрағасының лауазымына – 46 судья тұр.
Жоғарғы Сот Кеңесінің аппараты