
Судья лауазымына кезекті біліктілік емтиханына жіберілген кандидаттарға арналған ақпарат
Ағымдағы жылдың 24-28 тамыз аралығында судья лауазымына кезекті біліктілік емтиханы шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеу өткізіледі.
Өтетін орны:
Астана қаласы, Абай даңғылы, 33А, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ғимараты.
Байланыс телефондары:
74-95-42, 74-95-35, +7 778 290 48 14.
Компьютерлік тестілеуден сәтті өткен кандидаттар сол күні эссе жазуға және кейстік тапсырмаларды шешуге шақырылады. Аталған кезеңдер де 24-28 тамыз аралығында жоғарыда көрсетілген мекенжайда өткізіледі.
Кандидаттар а.ж. 21 тамызына дейін 74-95-42 телефон нөміріне хабарласу немесе k.asylbekova@vss.gov.kz электрондық поштасына жазу арқылы қатысатындарын растауы қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында:
- компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға және кейстік тапсырмаларды шешуге жіберілген тұлғалардың тізімі;
- компьютерлік тестілеуді тапсыру тәртібі туралы ақпарат;
- эссе жазу бойынша жадынама;
- кейстік тапсырмаларды шешу бойынша жадынама;
- Апелляциялық комиссия туралы ереже орналастырылған.