
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі мен оның жанындағы Сот жюриі қызметін жетілдірудің соңғы екі жылдағы қазақстандық тәжірибесі судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мен олардың тәуелсіздігі арасындағы тиімді теңгерімді қамтамасыз ету тұрғысынан халықаралық қоғамдастықтың назарын аударуда: ҚР ЖСК Өзбекстан делегациясын қабылдады
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың Өзбекстан Республикасы Жоғары судьялар кеңесі төрағасының орынбасары Нодира Бобохонова бастаған делегациямен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге делегация құрамында Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары Акрам Шукуров, судьялар және Жоғары судьялар кеңесінің мүшелері қатысты.
Кездесуді аша отырып, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов екі елдің мемлекеттік институттары арасындағы өзара іс-қимылдың одақтастық және тату көршілік рухына сай келетін жоғары деңгейін атап өтті.
Қонақтарға Жоғары Сот Кеңесінің қазіргі қызметі, судьяларды даярлау және іріктеу мәселелеріндегі жаңа түбегейлі өзгерістер, судья мамандығының беделін арттыру, сондай-ақ Сот жюриінің тәртіптік тәжірибесіне негізгі аспектілері туралы толық ақпарат ұсынылды.
«Сіздер бастамашылық жасаған кездесу тақырыбының, оның ішінде Сот жюриінің судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі қызметінің принципті маңызы бар екенін атап өткім келеді. Судья әдебінің жоғары стандарттары мен мінсіз бедел – судьялардың тәуелсіздігі қағидатын қатаң сақтай отырып, қоғамның сот төрелігіне деген сенімінің басты іргетасы. Бұл міндеттер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұрақты назарында. Біз өзіміздің практикалық тәжірибемізбен, институционалдық әзірлемелерімізбен бөлісуге және сіздерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге қуаныштымыз», – деді Дмитрий Малахов.
Кездесу шетелдік әріптестердің Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесін дамыту тәжірибесіне, судьяларды даярлау және іріктеу мәселелеріндегі жаңа тәсілдерге, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі қағидатын бұлжытпай сақтай отырып, судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі Сот жюриінің жұмыс практикасына жоғары қызығушылығын көрсетті.