Жоғары Сот Кеңесінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Жоғары Сот Кеңесінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Жоғары Сот Кеңесінде «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Мерейтойлық медальдар Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының бастамасымен құқықтық мемлекетті нығайтуға, сот жүйесін дамытуға және еліміздің құқықтық институттарын жетілдіруге қосқан елеулі үлесі мен сіңірген еңбегі үшін табысталды.

Жоғары Сот Кеңесінің атынан «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен төмендегі тұлғалар марапатталды:

Сот жүйесінің ардагерлері:

Айсин Тлектес Сейітқұлы;

Жүкенов Әбдірашит Төлегенұлы.

Сот жүйесінің басшылары:

Смайлов Асқар Спартакұлы – Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы;

Жұмағұлов Ақан Маратұлы– Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы;

Нажмиденов Берік Төлеутайұлы – Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы;

Әмір Досжан Сарманқұлұлы – Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары:

Сисенова Нұрия Оралжанқызы;

Нұрбеков Айдын Маратұлы;

Стыбаев Арыстанбек Сағатбекұлы;

Алмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызы.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері:

Айтжанов Ерлан Жұмаханұлы;

Айтуарова Алтын Шалабайқызы;

Қасаболатов Кәкен Ермұхаметұлы;

Нұрлықұлов Ғалымжан Қансейітұлы;

Кененбаев Самат Советбекұлы;

Оспанова Жанат Әнуарқызы;

Исаева Ақмарал Серікқызы;

Бегалиев Ернар Нұрланұлы;

Жүніспекова Салтанат Серікжанқызы.

Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының қызметкерлері:

Құрмантаева Лаура Серікқызы – Аппарат басшысының орынбасары;

Жақсылықов Мұрат Берікұлы – Конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және кадр резервін қалыптастыру бөлімінің меңгерушісі;

Сәдібеков Нұрлан Мұхамедияұлы – Сот жюриі қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Салтанатты іс-шарада сөз сөйлеген Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен дамуындағы Парламенттің айрықша рөлін атап өтті.

«Парламент қызметінің отыз жылы – Қазақстан Республикасындағы тәуелсіз сот төрелігі сүйенетін берік құқықтық негіздің қалыптасу кезеңі.

Осы уақыт ішінде сот жүйесі Парламент қабылдаған заңдардың әділ әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз етіп, олардың тиімді іске асырылуының кепілі болды.

Ал Жоғары Сот Кеңесі заңнамаға кезең-кезеңімен енгізілген өзгерістердің нәтижесінде дербес мемлекеттік мекеме мәртебесіне ие болып, өз Аппаратын құрды және өкілеттіктерін дәйекті түрде кеңейтті», – деп атап өтті Дмитрий Малахов.

Марапат иелерін Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Әбдірашит Жүкенов және Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы Асқар Смайлов та құттықтады.

Өз сөздерінде олар кәсіби дәстүрлер сабақтастығының маңызын, заң мен сот төрелігіне адал қызмет етудің жоғары құндылығын, сондай-ақ заңдылық пен құқық үстемдігі қағидаттарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Салтанатты рәсім құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан марапат иелерінің жоғары кәсібилігі мен көпжылдық адал еңбегіне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі болды.