Судья лауазымына кандидаттан судьяға дейін

Судья лауазымына кандидаттан судьяға дейін

Судья болу – құқықтық білімнің жоғары деңгейін, кәсіби тәжірибені ғана емес, мінсіз беделді, жоғары жауапкершілікті, қағидатшылдықты және судья әдебінің жоғары стандарттарына адалдықты талап ететін көпсатылы жолдан өтуді білдіреді

Мемлекет басшысының судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін іске асыратын Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды ашық, әділ әрі объективті конкурстық іріктеуді қамтамасыз етеді.

Іріктеудің әрбір кезеңі кандидаттардың кәсіби даярлық деңгейін, жеке қасиеттерін, талдау қабілеттерін және сот төрелігін тәуелсіз әрі бейтарап жүзеге асыруға дайындығын жан-жақты бағалауға бағытталған.

Конкурстық іріктеуден сәтті өткен судьялар өздерінің судьялық қызметке дейінгі жолы, конкурсқа қатысу тәжірибесі және алған әсерлері туралы әңгімелейді.

Олардың оқиғалары конкурстың барша кандидаттар үшін бірыңғай, ашық және айқын өлшемшарттар негізінде өткізілетінін, ал түпкілікті шешімдердің әрбір кандидаттың кәсіби даярлығы мен іріктеу кезеңдеріндегі нәтижелерін объективті бағалау қорытындылары бойынша ғана қабылданатынын нақты дәлелдейді.

Конкурстық іріктеу тетіктерін дәйекті түрде жетілдіре отырып, Жоғары Сот Кеңесі қазіргі заманғы сот төрелігінің талаптарына толық сай келетін кәсіби, тәуелсіз және құзыретті судьялар корпусын қалыптастыру жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда.