Жоғары Сот Кеңесі қоғамды құқықтық ақпараттандыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып, судьялардың мәртебесі мен олардың тәуелсіздігінің заңнамалық кепілдіктерінің негізгі аспектілерін жан-жақты түсіндіруде

Осы саладағы негізгі институттардың бірі – судьяның құрметті отставкасы. Бұл – кәсіби қызметті тоқтатудың ерекше нысаны әрі мемлекеттің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне ұзақ жылдар бойы адал қызмет еткен судьяның еңбегін мойындауының, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін маңызды кепілдіктердің бірі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құрметті отставкаға шығу құқығы мінсіз беделге ие және судья лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын судьяларға беріледі.

Аталған мәселені Жоғары Сот Кеңесінде қарау рәсімі алқалы әрі ашық түрде жүзеге асырылады. Материалдар судьяның жеке өтініші және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрметті отставкаға шығу құқығын растайтын қорытындысы негізінде қалыптастырылады. Ұсынылған материалдар жан-жақты зерделенгеннен кейін Кеңес Қазақстан Республикасы Президентіне тиісті ұсыным енгізеді.

Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы шыққаннан кейін судья үшін заңда көзделген кепілдіктер толық көлемде сақталады. Олардың қатарында біржолғы шығу жәрдемақысын төлеу және жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін ай сайын өмір бойы ақшалай қамсыздандыру төлеу көзделген.

Сонымен қатар, заңнама құрметті отставкадағы судьялардың кәсіби тәжірибесін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Олардың келісімімен және Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі негізінде сот төрелігін жүзеге асыруға уақытша тартылуы мүмкін (65 жасқа дейінгі шекті жасқа толғанға дейін).