
Судья лауазымына кезекті біліктілік емтиханына жіберілген кандидаттарға арналған ақпарат
Ағымдағы жылдың 27–31 шілдесі аралығында судья лауазымына кезекті біліктілік емтиханы шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеу өткізіледі.
Өтетін орны: Астана қаласы, Абай даңғылы, 33А, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ғимараты.
Байланыс телефондары: 74-95-42, 74-95-35, +7 778 290 48 14.
Компьютерлік тестілеуден сәтті өткен кандидаттар сол күні эссе жазуға және кейстік тапсырмаларды шешуге шақырылады. Аталған кезеңдер де 27–31 шілде аралығында жоғарыда көрсетілген мекенжайда өткізіледі.
Кандидаттар а.ж. 22 шілдесіне дейін 74-95-42 телефон нөміріне хабарласу немесе k.asylbekova@vss.gov.kz электрондық поштасына жазу арқылы қатысатындарын растауы қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында:
- компьютерлік тестілеуге, эссе жазуға және кейстік тапсырмаларды шешуге жіберілген тұлғалардың тізімі;
- компьютерлік тестілеуді тапсыру тәртібі туралы ақпарат;
- эссе жазу бойынша жадынама;
- кейстік тапсырмаларды шешу бойынша жадынама;
- Апелляциялық комиссия туралы ереже орналастырылған.