«Сұрақ–жауап» айдары: Жоғары Сот Кеңесіне қалай жүгінуге және жеке қабылдауға қалай жазылуға болады

«Сұрақ–жауап» айдары: Жоғары Сот Кеңесіне қалай жүгінуге және жеке қабылдауға қалай жазылуға болады

«Сұрақ–жауап» айдары: Жоғары Сот Кеңесіне қалай жүгінуге және жеке қабылдауға қалай жазылуға болады

Жоғары Сот Кеңесі оның қызметі, өкілеттіктері және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы ақпараттық-түсіндіру жарияланымдар топтамасын жалғастыруда.

«Сұрақ–жауап» айдарының кезекті шығарылымы Жоғары Сот Кеңесі мен Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің жеке қабылдауына жазылу тәртібіне, сондай-ақ өтініштерді жолдауға арналған заманауи цифрлық сервистерге арналған.

Материалда жеке қабылдауға жазылу тәртібі, өтініштерді қандай мемлекеттік электрондық сервистер арқылы жолдауға болатыны және оларды қарау рәсімі түсіндіріледі. Сонымен қатар, жеке қабылдауды Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Кеңес мүшелері және Сот жюриінің төрағасы алдын ала жазылу бойынша өткізетіні, ал өтініш берушілерге Кеңес пен Сот жюриінің құзыреті шегінде қажетті түсіндірмелер берілетініне ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, жарияланымда азаматтар мен судьялардың жеке қабылдау барысында жиі көтеретін мәселелері туралы ақпарат берілген. Атап айтқанда, өтініштер сот актілерімен және судьялардың процестік әрекеттерімен келіспеуге, судья лауазымына орналасуға арналған біліктілік емтиханынан өтуге және бос судья лауазымдарына жарияланған конкурстарға қатысуға, сондай-ақ судьялардың мансаптық өсуі мен сот жүйесінің қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты мәселелерді қамтиды.

Материал азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Жоғары Сот Кеңесіне жүгіну тетіктерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Кеңес қызметінің ашықтығы мен айқындығы қағидаттарын одан әрі нығайтуға бағытталған.