
«Казахстанская правда» республикалық газетінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудың негізі» атты авторлық мақаласы жарияланды
Жарияланым сот жүйесіндегі кадр саясатын кешенді жаңғыртуға, сондай-ақ кәсіби әрі тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастырудың қолданыстағы жүйесін одан әрі дамыту мәселелеріне арналған.
«Сот төрелігінің сапасы судьялар корпусының кәсіби деңгейіне тікелей байланысты», – деп атап көрсетеді өз мақаласында Дмитрий Малахов.
Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесі конкурстық рәсімдерді кезең-кезеңімен жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Мақалада судьяларды іріктеу жүйесінің қолданыстағы моделін өзгертпей жетілдіру көзделгені, негізгі басымдық конкурстық рәсімдердің тиімділігін арттыруға, олардың ашықтығын қамтамасыз етуге, цифрлық технологияларды енгізуге және кандидаттарды объективті бағалау тетіктерін кеңейтуге бағытталғаны атап өтіледі.
Мақалада Сот төрелігі академиясындағы бейінді даярлық пен заң қоғамдастығының үздік өкілдері үшін ашық конкурсты үйлестіретін судья мамандығына қол жеткізудің қолданыстағы тетігі жан-жақты қарастырылады.
Жарияланымда Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына болашақ судьяларды даярлайтын негізгі институттардың бірі ретінде ерекше назар аударылған. Автор білім беру процесін жаңғыртудың нақты нәтижелерін, біліктілік емтиханын тапсыру көрсеткіштерін және Академия түлектерінің судья лауазымдарына тағайындалу статистикасын келтіреді.
Жоғары Сот Кеңесі соттарды судья кадрларымен жасақтау, үміткерлер арасындағы бәсекелестікті арттыру және конкурстық рәсімдерді цифрлық форматқа көшіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізді, бұл адам факторының ықпалын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Жоғары Сот Кеңесі жүзеге асырып отырған шаралар – Сот төрелігі академиясының рөлін күшейтуден бастап конкурстық рәсімдерді цифрландыруға дейін – сот төрелігінің сапасын одан әрі арттыруға және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға берік негіз қалайды.
Дереккөз: «Казахстанская правда»