Жоғары Сот Кеңесінде аппараттық отырыс өтті: конституциялық реформа аясындағы жаңа міндеттер айқындалды

Жоғары Сот Кеңесінде аппараттық отырыс өтті: конституциялық реформа аясындағы жаңа міндеттер айқындалды

Жоғары Сот Кеңесінде аппараттық отырыс өтті: конституциялық реформа аясындағы жаңа міндеттер айқындалды

Жоғары Сот Кеңесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне арналған аппараттық отырыс өтті. Жаңартылған Негізгі заңды іске асырудағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде Мемлекет басшысы Құрылтайға сайлау тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Отырысты алғы сөзбен бастаған Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Кеңес мүшелері мен аппарат қызметкерлерін осы тарихи оқиғамен құттықтап, оның ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

«Жаңартылған Негізгі заң сот жүйесі мен Жоғары Сот Кеңесінің алдына бұрынғыдан да ауқымды міндеттер жүктейді. Біз судья кадрларын іріктеу мен қызметте ілгерілету тетіктеріне енгізілген конституциялық жаңашылдықтардың сапалы әрі мүлтіксіз іске асырылуын қамтамасыз етуге, жаңартылған Конституцияда көзделген судьялардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмаушылығы кепілдіктерін одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Кеңестің әрбір шешімі қоғам мен судьялар қауымдастығы үшін барынша ашық әрі түсінікті болуы мақсатында ішкі рәсімдердің айқындығын арттыруға тиіспіз», – деді Дмитрий Малахов.

Аппараттық отырыс қорытындысы бойынша Дмитрий Малахов жаңа конституциялық талаптар Кеңес қызметкерлерінен жоғары жауапкершілік пен кәсібилікті, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді сапалы әрі тиімді орындауды талап ететінін атап өтті.