2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне еніп, еліміздің мемлекеттілігін дамытудың жаңа кезеңін бастайды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне еніп, еліміздің мемлекеттілігін дамытудың жаңа кезеңін бастайды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне еніп, еліміздің мемлекеттілігін дамытудың жаңа кезеңін бастайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Бұл кезекті әкімшілік реформа емес. Бұл – шын мәнінде, жаңа тарихи уақыттың басталуы, ауқымы мен салдары жағынан бұрын-соңды болмаған өзгерістердің негізін қалайтын маңызды қадам».

Жаңа Конституция мемлекеттік құрылыстың іргелі қағидаттарын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін бекітіп, Қазақстанның құқықтық жүйесін одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды.

Жоғары Сот Кеңесі үшін оның ережелері ерекше маңызға ие. Олар кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру тетіктерін одан әрі жетілдіруге, кадрлық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға, сондай-ақ сот жүйесіне қоғамның сенімін нығайтуға қосымша құқықтық негіз қалыптастырады.

Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі ретінде Кеңес Аппаратының қызметкерлері Жаңа Конституцияның жаңашылдықтарына арналған арнайы білім беру платформасында қашықтық форматта ұйымдастырылған оқыту семинарларынан өтті.

Алынған білім қызметкерлердің құқықтық даярлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, сот билігінің тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған реформаларды тиімді іске асыруға ықпал етеді.

Жоғары Сот Кеңесі Төраға Дмитрий Малаховтың жетекшілігімен Жаңа Конституцияның ережелерін іске асыру жөніндегі жұмысты алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырып, кәсіби әрі тәуелсіз судьялар корпусын қалыптастыру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған реформаларды дәйекті түрде жүзеге асыра береді.