
Жоғары Сот Кеңесі судьялардың мәртебесіне, олардың тәуелсіздігінің кепілдіктеріне және судьялардың жауаптылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету тетіктеріне арналған ақпараттық-түсіндіру материалдарының циклін жалғастыруда.
«Сұрақ–жауап» айдарының кезекті шығарылымы судьяларды тәртіптік жауаптылыққа тартудың негіздері мен тәртібіне арналған.
Судья мәртебесінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету қатаң тепе-теңдік қағидатына негізделген: заң судьяға шешім қабылдау кезінде толық тәуелсіздік кепілдігін береді, сонымен қатар оның кәсіби мінез-құлқы мен әдеп нормаларын сақтауына жоғары талаптар қояды.
Материалда судьялардың тәртіптік жауаптылығының заңнамада көзделген негіздері түсіндіріліп, сот ісін қарау барысында заңдылықты өрескел бұзу ұғымына түсінік беріледі, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің құзыреті мен тәртіптік материалдарды қарау тәртібі туралы ақпарат ұсынылады.
Бұдан бөлек, жарияланымда судьяларға қолданылатын тәртіптік жазалардың түрлері және тәртіптік істер бойынша шешім қабылдау кезінде ескерілетін қағидаттар туралы мәліметтер қамтылған.
Материал азаматтардың құқықтық хабардарлығын арттыруға және Жоғары Сот Кеңесі қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.