Құрметті судьялар мен сот қызметкерлері!

Құрметті судьялар мен сот қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Судья және сот қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің қызметтеріңіз мемлекеттілікті нығайту, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету, құқық үстемдігін орнықтыру және азаматтардың құқықтарын қорғау ісінде ерекше маңызға ие.

Сот жүйесі заңдылық пен құқықтық тәртіптің берік негізі болып табылады. Ал қоғамның сот төрелігіне деген сенімі сіздердің кәсібиліктеріңізге, әділдіктеріңізге және заңға адалдықтарыңызға тікелей байланысты.

Судья мамандығы терең білімді, жоғары құқықтық мәдениетті, мінсіз адамгершілік қасиеттерді және зор жауапкершілікті талап етеді. Бұл – заңға, қоғамға және мемлекетке қызмет ету.

Сот жүйесінің ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің отандық сот төрелігін дамытуға қосқан үлестеріңіз зор құрметке лайық және жас мамандар үшін үлгі болып табылады.

Сот қызметкерлерінің де сот қызметінің тиімді ұйымдастырылуындағы рөлі ерекше. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз сот қызметін ұйымдастыру сапасы мен сот билігінің беделіне тікелей әсер етеді.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, кәсіби табыстар, ал отбасыларыңызға тыныштық, бақыт пен береке тілеймін.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің атынан адал еңбектеріңіз бен жоғары кәсібиліктеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.


Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің
Төрағасы Д. Малахов