
Жоғары Сот Кеңесі судьялыққа кандидаттар үшін құзыреттер бойынша сұхбаттан өту тәртібін түсіндірді
Жоғары Сот Кеңесі судьялар корпусын қалыптастыру рәсімдерінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету саясатын іске асыру шеңберінде арнайы ақпараттық бейнематериал жариялады.
Бейнероликте конкурстық іріктеудің негізгі кезеңдерінің бірі – құзыреттер бойынша сұхбаттан өту тәртібі жан-жақты түсіндіріледі.
Құзыреттер бойынша сұхбат – судьялық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті үміткердің жеке қасиеттері мен кәсіби мінез-құлқын анықтауға бағытталған бағалау әдісі.
Бұл кезеңнің басты ерекшелігі – заңнаманы теориялық білу деңгейін бағалаудан үміткердің нақты практикалық тәжірибесін талдауға басымдық берілуі.
Сұхбат барысында комиссия мүшелері үміткердің:
-жоғары жауапкершілік жағдайында салмақты шешім қабылдау қабілетін;
-қызметтік жұмысты тиімді жоспарлау және ұйымдастыру дағдысын;
-сындарлы коммуникация орнатып, даулы жағдайларды шешу мүмкіндігін бағалайды.
Ұсынылған бейнематериалда сұхбатқа дайындалу бойынша кезең-кезеңімен берілген ұсынымдар, бағаланатын құзыреттердің мазмұны, сондай-ақ кандидаттарға өздерінің кәсіби әлеуетін барынша толық ашуға көмектесетін әдістемелік кеңестер қамтылған.
Қолданыстағы регламентке сәйкес, құзыреттер бойынша сұхбат нәтижелері ол өткен күннен бастап үш жыл бойы жарамды болып есептеледі.
Жоғары Сот Кеңесі мұндай түсіндірме материалдарды әзірлеу кандидаттардың хабардарлығын арттыруға және конкурстық іріктеуге қатысушылардың барлығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталғанын атап өтеді.
Бейнероликпен Жоғары Сот Кеңесінің ресми ақпараттық ресурстарында танысуға болады.