«Казахстанская правда» республикалық газетінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Сот төрелігі академиясы: он жылдық қорытындысы» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды

«Казахстанская правда» республикалық газетінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Сот төрелігі академиясы: он жылдық қорытындысы» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды

«Казахстанская правда» республикалық газетінде Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың «Сот төрелігі академиясы: он жылдық қорытындысы» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды

Сұхбат Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының 10 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Ведомство басшысы оқу орнының дамуындағы негізгі нәтижелерді қорытындылап, Академияның Кеңес қарамағына өткеннен кейін жүзеге асырылған ауқымды реформалар туралы айтып, оны жаңғыртудың 2027 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтарын айқындады.

Өзінің он жылдық қызметі барысында Сот төрелігі академиясы терең трансформациядан өтіп, мамандандырылған оқу орнынан заманауи ғылыми-білім беру орталығына айналды.

Академияның Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына берілуі білім беру үдерістерін Қазақстанның сот жүйесінің нақты қажеттіліктерімен толық үндестіруге мүмкіндік берген маңызды институционалдық кезең болды.

«Бүгінде Академия стратегиялық міндетті – кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру ісіне қатысуды жүзеге асыруда. Судьяларды даярлау сапасы сот жүйесінің тиімділігіне тікелей әсер етеді. Түптеп келгенде, бұл азаматтардың сот төрелігіне деген сеніміне, құқықтық тәртіптің тұрақтылығына және сот билігінің беделіне ықпал етеді», – деп атап өтті Дмитрий Малахов.

Жаңғырту жолындағы маңызды қадамдардың бірі 2025–2027 жылдарға арналған Сот төрелігі академиясын дамыту тұжырымдамасының бекітілуі болды.

Құжат сапалық тұрғыдан жаңа стандарттарға көшуді бекітіп, магистратура бағдарламаларын практикалық бағыттылыққа басымдық бере отырып терең жаңғырту, ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантураны ресми іске қосу, референдиат институтын дамыту, сондай-ақ судьялардың қажеттіліктері мен қарайтын істерінің ерекшеліктерін нақты талдау негізінде қолданыстағы судьяларға арналған біліктілікті арттырудың жеке бағдарламаларын енгізу арқылы реформалардың негізгі бағыттарын айқындайды.

Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастық сапалық тұрғыдан кеңейтілді. Академия жетекші шетелдік судьялар мектептерімен және бейінді халықаралық ұйымдармен серіктестік орнату арқылы озық әлемдік тәжірибені қазақстандық тәжірибеге белсенді енгізуде.

Жүргізіліп жатқан реформалардың табыстылығының басты көрсеткіші – түлектердің жоғары кәсіби даярлық деңгейі. Кеңес Төрағасының айтуынша, Академия магистранттары судья лауазымына арналған біліктілік емтиханын тапсыру кезінде дәстүрлі түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.