«Сұрақ–жауап» айдары: Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына түсу қағидалары туралы

«Сұрақ–жауап» айдары: Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясына түсу қағидалары туралы

Жоғары Сот Кеңесі азаматтарға судья мәртебесі мен олардың тәуелсіздігі кепілдіктерінің негізгі аспектілерін түсіндіруге бағытталған жарияланымдар топтамасын жалғастыруда.

«Сұрақ–жауап» айдарының жаңа шығарылымы Сот төрелігі академиясында болашақ судьяларды даярлау мәселесіне арналған.

Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясы – еліміздегі бірегей әрі жалғыз мамандандырылған жоғары оқу орны. Оның басты миссиясы – жоғары кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру және қызметтегі судьялардың біліктілігін үздіксіз арттыру.

Айдардың жаңа материалында магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары, оқуға түсушілерге қойылатын негізгі талаптар және қабылдау емтихандарының тәртібі туралы өзекті әрі пайдалы ақпарат жинақталған.

Бұл жарияланым судьялық мансапты мақсат еткен заңгерлерге өз мақсатына жету жолын нақты жоспарлауға көмектеседі.