
Судья лауазымы заңды терең білуді және белгілі бір кәсіби тәжірибені ғана емес, сондай-ақ жоғары этикалық талаптарға сай болуды талап етеді.
Соттарды қалыптастыру жөніндегі Мемлекет басшысының конституциялық өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылған тәуелсіз мемлекеттік институт ретінде Жоғары Сот Кеңесі бос судья лауазымдарына қатаң әрі кешенді конкурстық іріктеу жүргізеді.
Кеңестің басты міндеті – субъективтілікті толықтай болдырмай, сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби және жеке қасиеттерге ие кандидаттарды анықтау.
Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өткен судьялар өздерінің судьялық қызметке дейінгі жолы мен іріктеуге қатысу тәжірибесімен бөлісті.
Олардың шынайы оқиғалары іріктеу үдерісінің ішкі қырларымен танысуға және Кеңес шешімдерінің әрбір кезең бойынша кандидаттардың дайындық деңгейін, нақты жетістіктері мен нәтижелерін ашық әрі объективті бағалау негізінде қабылданатынына көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, Жоғары Сот Кеңесі Қазақстанның жоғары кәсіби, тәуелсіз және білікті судьялар корпусын қалыптастыру жөніндегі мемлекеттің стратегиялық міндетін дәйекті түрде жүзеге асырып келеді.