Судьялыққа кандидаттармен ауызша сұхбат өткізу — конкурстық іріктеудің кезекті кезеңі

Судьялыққа кандидаттармен ауызша сұхбат өткізу — конкурстық іріктеудің кезекті кезеңі

Судьялыққа кандидаттармен ауызша сұхбат өткізу — конкурстық іріктеудің кезекті кезеңі

2026 жылғы 29 сәуірде Жоғары Сот Кеңесі жариялаған конкурс шеңберінде жұмыс істеп жүрген судья болып табылмайтын кандидаттар Конкурстық комиссиямен ауызша сұхбаттан өтті.

Конкурстық комиссия құрамына Кеңестің тұрақты мүшелерімен қатар заң қауымдастығының өкілдері мен HR-мамандар кіреді. Бұл кандидаттарды жан-жақты әрі объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Астана қаласында жұмыс істейтін кандидаттар үшін сұхбаттасу Жоғары Сот Кеңесінің ғимаратында ұйымдастырылды. Ал еліміздің өзге өңірлеріндегі кандидаттар сұхбаттан онлайн форматта өтуде.

Сұхбаттасуға бұған дейін конкурстық іріктеудің аталған кезеңінен өтпеген 42 кандидат қатысты.

Сұхбаттың мақсаты – кандидаттардың судья өкілеттіктерін сапалы жүзеге асыру үшін қажетті коммуникативтік, басқарушылық және кәсіби құзыреттерінің даму деңгейін анықтау.

Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі кандидаттардың жеке және кәсіби қасиеттерін жеке бағалап, нәтижелерді бағалау парағына енгізеді. Бағалау парақтарының негізінде әр кандидаттың орташа балы есептеледі.

Сұхбаттасу бірыңғай бағалау критерийлері бойынша жүргізіледі, бұл рәсімнің ашықтығы мен қабылданатын шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етеді.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың жетекшілігімен Кеңес кәсіби судьялар корпусын қалыптастыруға және бос судьялық лауазымдарды уақтылы толықтыруға бағытталған жүйелі әрі ашық іріктеу тетігін қалыптастырды.

Ауызша сұхбат конкурстық іріктеудің негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Ол кандидаттардың сот төрелігін жүзеге асыруға дайындығын жан-жақты бағалауға және олардың конкурсқа одан әрі қатысу мүмкіндігі туралы салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.