Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Сот жюриінің қарауына 13 судьяға қатысты 13 тәртіптік материал енгізілді.

Қарау қорытындысы бойынша сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 3 судья тәртіптік жауаптылыққа тартылды: екі судьяға ескерту, бір судьяға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

8 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізулер тоқтатылды. Оның ішінде 3 судьяға қатысты олардың әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты, ал 5 судьяға қатысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына және өзге де теріс құқықтық салдарға әкеп соқпаған тәртіптік теріс қылықтың елеусіз болуына байланысты тоқтатылды.

Сонымен қатар, 2 судьяға қатысты тәртіптік материалдарды қарау кейінге қалдырылды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені судьялар қолданылған тәртіптік жазаларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Жоғары Сот Кеңесі мен Сот жюриінің қызметі сот жүйесіне деген сенімді нығайтуға, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және тәртіптік рәсімдер шеңберінде олардың құқықтарын сақтауға бағытталған.

Жоғары Сот Кеңесі тәртіптік практиканы жетілдіру, сондай-ақ судьялардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету және сот әдебі стандарттарын сақтау бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.