
Сот жүйесі – мемлекеттің ең маңызды институттарының бірі. Ал сот төрелігіне деген сенім судьялардың кәсібилігі мен тәуелсіздігіне тікелей байланысты. Сондықтан судьялар корпусының қалай қалыптасатынын және бұл үдерістің қандай тетіктерге негізделгенін түсіну маңызды.
Жаңа «Сұрақ–Жауап» айдарында біз Жоғары Сот Кеңесінің қызметі, өкілеттіктері мен қабылдайтын шешімдері, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу рәсімдері, сондай-ақ Кеңес жұмысының ашықтығы мен жариялылығы қағидаттары туралы баяндайтын боламыз.
Сұрақ-Жауап» айдарының алғашқы шығарылымы Жоғары Сот Кеңесі қызметінің негізгі бағыттарына арналады. Онда Кеңестің мәртебесі, құрамы, шешім қабылдау тәртібі және Қазақстандағы тәуелсіз әрі кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудағы рөлі туралы кеңінен айтылады.