Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлеріне арналған құқықтық жалпы оқыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Битрикс 24» CRM жүйесін енгізу және оны тәжірибеде пайдалану мәселелеріне арналған кезекті оқыту семинары өткізілді

Семинар барысында қатысушыларға Кеңес қызметінде ішкі коммуникацияны ұйымдастыру, міндеттерді қою және олардың орындалуын бақылау, жұмыс процестерін жоспарлау, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында қолданылатын CRM жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды.

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу Кеңес Төрағасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқаны, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылатын мемлекеттік басқаруды цифрландыру саясатының маңызды бағыты екені атап өтілді.

Оқыту аясында қызметкерлерге жүйенің негізгі мүмкіндіктері түсіндірілді. Атап айтқанда, тапсырмалардың орындалуын бақылау тетіктері, жедел коммуникация құралдары, күнтізбелік жоспарлау және міндеттердің орындалуын нақты уақыт режимінде мониторингтеу мәселелері қарастырылды.

Ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қолданылып отырған CRM жүйесінің конфигурациясы интернет желісіне қосылмайтын, жабық контурда жұмыс істейтіні атап өтілді.

Осындай оқыту іс-шараларын өткізу қызметкерлердің цифрлық сауаттылығын арттыруға, ішкі жұмыс процестерін жетілдіруге және Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған.