
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы докторантураға құжат қабылдаудың басталғанын хабарлайды
Оқыту ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Екі бағдарлама бойынша да оқу мерзімі – 3 жыл. Бағдарламаларды меңгеру қорытындысы бойынша түлектерге PhD докторы немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.
Бейіндік докторантураға түсу үшін құқық магистрі дәрежесі немесе бейіндік магистратураға теңестірілген жоғары арнаулы заңгерлік білім қажет. Ғылыми-педагогикалық докторантураға түсу үшін ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша құқық магистрі дәрежесі талап етіледі. Барлық талапкерлер үшін заңгерлік мамандық бойынша кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы міндетті шарт болып табылады.
Талапкерлер мамандық және шет тілі бойынша түсу емтихандарын тапсырады.
Құжат қабылдау 2025 жылғы 29 шілдеге дейін жалғасады. Бос орындар болған жағдайда қосымша қабылдау 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
2025 жылы Сот төрелігі академиясы алғаш рет докторантураның білім беру бағдарламаларын іске асыруға лицензия алды. Бұл сот білім беру жүйесін дамыту мен Қазақстанның сот жүйесінің ғылыми әлеуетін нығайтудағы маңызды кезең болды.
Бағдарлама Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов бекіткен Сот төрелігі академиясын дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады және сот төрелігі саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға, өзіндік ғылыми мектеп қалыптастыруға, сондай-ақ сот жүйесі үшін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.
Қажетті құжаттар тізбесі, талапкерлерге қойылатын талаптар, түсу емтихандарын өткізу тәртібі мен құжат қабылдау мерзімдері туралы толық ақпарат Сот төрелігі академиясының ресми сайты – sta.edu.kz сайтында орналастырылған. Қосымша ақпаратты қабылдау комиссиясының 8 (7172) 71 08 73 телефоны арқылы алуға болады.