
Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қуаныш Салимжан «Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу құралдары: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының жанындағы Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына орталық мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, ғылыми қауымдастық өкілдері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметті жетілдіру саласындағы сарапшылар қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын анықтау, алдын алу және реттеудің заманауи тетіктері, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде ашықтық пен адалдықты қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды.
Жоғары Сот Кеңесінде және оның Аппаратында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және адалдық қағидаттарын нығайту мәселелеріне басымдық беріледі.
Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың басшылығымен Кеңес қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыруға, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға, сондай-ақ судьялар корпусын қалыптастыру үдерістерінің объективтілігі мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйелі түрде іске асырылуда.