Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың судьяларына арналған кезекті біліктілікті арттыру курсы басталды

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың судьяларына арналған кезекті біліктілікті арттыру курсы басталды

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың судьяларына арналған кезекті біліктілікті арттыру курсы басталды.

Оқытуға еліміздің барлық өңірлерінен 30 судья қатысуда.

Курс бағдарламасы судьялардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, сот әдебі қағидаттарын нығайтуға және әкімшілік сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға бағытталған.

Курс қатысушылары алдында алғы сөз сөйлеген Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов біліктілікті арттыру курстары кәсіби білімді кеңейтуге және құқық қолдану тәжірибесіндегі заманауи тәсілдерді меңгеруге ықпал ететінін атап өтті.

2025 жылдан бастап алғаш рет біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру мен өткізудің аралас форматы — онлайн және офлайн режимдері енгізілді. Мұндай тәсіл білім беру процесінің тиімділігін арттыруға, кәсіби пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және сот практикасының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.

Оқу барысында судьялар өздерінің күнделікті қызметінде қажет болатын өзекті білім мен практикалық дағдыларды меңгеріп, бұл өз кезегінде сот жүйесіне деген қоғамдық сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Курс аясында салық даулары бойынша әкімшілік органдар шешімдеріне шағымдану, сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты істер, мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен монополияға қарсы органның әкімшілік актілеріне дау айту мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Курстың дәріскерлері қатарында Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот пен кассациялық соттардың судьялары, Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ әкімшілік әділет саласындағы отандық және халықаралық сарапшылар бар.

Оқыту судьялардың кәсіби білімін жүйелеуге және тереңдетуге мүмкіндік беріп, әкімшілік заңнама нормаларын еліміз бойынша біркелкі қолдануға ықпал етеді.