Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Сот төрелігі академиясының ұжымына Кеңес Төрағасының өкімімен тағайындалған жаңа ректор — Мусин Қанат Қалқаманұлын таныстырды

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Сот төрелігі академиясының ұжымына Кеңес Төрағасының өкімімен тағайындалған жаңа ректор — Мусин Қанат Қалқаманұлын таныстырды

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Сот төрелігі академиясының ұжымына Кеңес Төрағасының өкімімен тағайындалған жаңа ректор — Мусин Қанат Қалқаманұлын таныстырды.

Қанат Қалқаманұлы — заң ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгерлік білім беру және сот жүйесі үшін кадрлар даярлау саласында көпжылдық ғылыми-педагогикалық әрі басқарушылық тәжірибесі бар маман.

2024 жылғы тамыз айынан бастап Қанат Қалқаманұлы Сот төрелігі академиясы ректорының міндетін атқарды. Осы кезеңде Академия тұрақты даму қарқынын көрсетіп, соттық білім беру саласындағы жүйелі реформаларды іске асыруға институционалдық тұрғыдан дайын екенін дәлелдеді.

Қанат Қалқаманұлының жетекшілігімен Кеңес Төрағасы бекіткен Сот төрелігі академиясын дамытудың 2025–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының бірқатар бағыты мерзімінен бұрын іске асырылды.

Атап айтқанда:             

— ғылыми-педагогикалық магистратура іске қосылды;

— докторантура ашылды;

— Академияның ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелгені туралы куәлік алынды;

— «Сот төрелігі академиясының хабаршысы» ғылыми журналы ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілді;

— криминалистикалық полигон мен медициналық пункт ашылды.

Академия өз тарихында алғаш рет мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, білім беру және ғылыми қызметінің жоғары деңгейін растады.

Кеңес Төрағасы Қанат Мусиннің жетекшілігімен Академия алға қойылған барлық міндеттерді табысты жүзеге асырып, сапалы жаңа даму деңгейіне шығатынына сенім білдірді.

Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, профессорлық-оқытушылық құрам, сондай-ақ Кеңес аппараты мен Сот төрелігі академиясының қызметкерлері қатысты.