
Жоғары Сот Кеңесі Аппараты қызметкерлеріне арналған құқықтық жалпы оқыту бағдарламасын іске асыру аясында ведомстволық архивке құжаттарды тапсыру мәселелеріне арналған кезекті оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында құжаттарды архивтік сақтауға дайындау және рәсімдеу тәртібі, істерді қалыптастыру талаптары, құжаттарды сақтау мерзімдері, сондай-ақ материалдарды ведомстволық архивке тапсыру ерекшеліктері қарастырылды.
Архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын сақтау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және істер номенклатурасын дұрыс жүргізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға құжаттарды жүйелеу, тізімдемелерді дайындау, архивтік істерді рәсімдеу және құжаттарды сақтауға тапсыру кезінде белгіленген рәсімдерді сақтау бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Осындай семинарларды өткізу қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және Кеңес қызметіндегі архивтік сақтауды тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Құқықтық жалпы оқыту бағдарламасын іске асыру мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен кәсіби құзыреттілігін одан әрі арттыру, сондай-ақ заңдылық қағидаттары мен тиісті құжат айналымының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалғастырылатын болады.