
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті.
Отырыс барысында 10 судьяға қатысты 10 тәртіптік іс қаралды.
Қарау нәтижесі бойынша сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды: олардың бесеуіне ескерту беріліп, бір судьяға судья лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
3 судьяға қатысты олардың әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тәртіптік өндірістер тоқтатылды.
Сонымен қатар, бір судьяға қатысты тәртіптік материалды қарау кейінге қалдырылды.
Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, себебі судьялар тәртіптік жазаларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Судьяларға қатысты тәртіптік рәсім заңдылықты қамтамасыз етуге, кәсіби әдеп нормаларын сақтауға, сондай-ақ судьяларды ықтимал қысымнан қорғауға және олардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Дмитрий Малаховтың басшылығымен Жоғары Сот Кеңесі тәртіптік практиканы жетілдіру, рәсімдердің ашықтығын арттыру және адал судьяларды қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. Мұндай тәсіл судьялар корпусының тәуелсіздігін нығайтуға және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға бағытталған. Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі әрбір материалды жан-жақты, объективті және бейтарап қарауды, тәртіптік шараларды әділ қолданудың белгіленген кепілдіктерін сақтауды, сондай-ақ судьялардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.