
Жоғары Сот Кеңесінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Бұл мерекелер ортақ мазмұндық мағынамен сабақтасып, ерлік дәстүрлерінің сабақтастығын айшықтайды. Осы күндері азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген Отан қорғаушыларына алғыс білдіріліп, Ұлы Отан соғысы жылдарында ел үшін қаза тапқан батырларға құрмет көрсетіледі.
Құттықтау сөз сөйлеген Кеңес мүшелері мен Аппарат Басшысының орынбасары тарихи жадты сақтаудың маңызын атап өтіп, барлық буын Отан қорғаушыларына ризашылықтарын білдірді, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығы мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізі екенін ерекше атап өтті.
Іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Мұндай іс-шараларды өткізу патриоттық құндылықтарды нығайтуға және Отан қорғаушыларына деген құрметті арттыруға бағытталған.