«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жоғары Сот Кеңесі азаматтар мен судьялар үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жоғары Сот Кеңесі азаматтар мен судьялар үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жоғары Сот Кеңесі азаматтар мен судьялар үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда.

Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов азаматтарды кезекті жеке қабылдау өткізді.

Кездесу барысында судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселелерімен қатар, сот актілері мен судьялардың процестік әрекеттеріне келіспеушілік білдіріліп, сондай-ақ сот практикасының біркелкілігінің сақталмауы жөнінде мәселелер көтерілді.

Қабылдау қорытындысы бойынша Төраға Жоғары Сот Кеңесінің құзыреті шеңберінде, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген тетіктері бойынша жан-жақты түсіндірмелер берді.

Кеңес Төрағасының жеке қабылдаулары онлайн және офлайн форматтарда күнделікті негізде өткізіліп, қоғаммен және кәсіби қауымдастықпен тікелей диалогты қамтамасыз етеді.