Кандидаттан судьяға дейін
Судья лауазымына іріктеу – кандидаттарға жоғары талаптар қойылатын жүйелі үдеріс.
Жоғары Сот Кеңесі конкурстық рәсімдерді әр кезеңде кешенді әрі объективті бағалауды қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырады — кәсіби дайындық деңгейінен бастап жеке қасиеттеріне дейін.
Іріктеуден өткен судья конкурстық рәсімдерден өту тәжірибесімен бөлісіп, негізгі кезеңдерге өз бағасын береді.
Оның тәжірибесі іріктеудің нақты мазмұнын көрсетіп, ашықтық, бірыңғай талаптар мен объективтілік қағидаттарының іс жүзінде қалай жүзеге асырылатынын көруге мүмкіндік береді.
Әрбір кезең кандидаттардың сот төрелігін жүзеге асыруға дайындығын жан-жақты бағалауға бағытталған.
Іріктеудегі жүйелі тәсіл кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудың негізі болып қала береді.