Кассациялық соттар судьялары лауазымына кандидаттармен ауызша әңгімелесу

Кассациялық соттар судьялары лауазымына кандидаттармен ауызша әңгімелесу

Кассациялық соттар судьялары лауазымына кандидаттармен ауызша әңгімелесу

Жоғары Сот Кеңесі 2026 жылғы 16 ақпанда жариялаған конкурс аясында кассациялық соттар судьялары лауазымына үміткерлерді іріктеудің кезекті кезеңі – жер, салық және қаржы құқығы салаларындағы мамандар арасынан кандидаттармен ауызша әңгімелесу өткізілді.

Әңгімелесуді құрамына Кеңестің тұрақты мүшелері, заңгерлік қоғамдастық өкілдері, прокуратура органдарының қызметкерлері, сондай-ақ HR-мамандар кіретін Конкурстық комиссия жүргізді.

Әңгімелесу Астана қаласындағы Жоғары Сот Кеңесінің ғимаратында офлайн форматта ұйымдастырылды.

Кезеңнің мақсаты – судьялық өкілеттіктерді тиімді жүзеге асыру үшін қажетті коммуникативтік және кәсіби құзыреттер деңгейін кешенді бағалау.

Конкурстық комиссияның әрбір мүшесі кандидаттарды жеке бағалау парақтарына нәтижелерді тіркей отырып, олардың жеке және кәсіби қасиеттерінің жиынтығы бойынша бағалайды. Қорытындысында әрбір кандидат бойынша орташа балл қалыптастырылады.

Ауызша әңгімелесу конкурстық рәсімдердің маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады және Жоғары Сот Кеңесінің бос судья лауазымдарын сапалы әрі уақтылы толықтыруға, сондай-ақ кәсіби судьялар корпусын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысы аясында өткізіледі.